Прокуратура: 12 мыңнан аса шетелдікті тіркеген 278 үй анықталды

14 Наурыз 2024, 10:58
245
Бөлісу:
Прокуратура: 12 мыңнан аса шетелдікті тіркеген 278 үй анықталды

Алматы облысының прокуратурасы 12 мыңнан астам шетелдікті тіркеген 278 үйді анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл үйлердің ішінде тұрғын немесе жоқ мекенжайлар болды. Мысалы, Қарасай ауданының Батан ауылындағы үйлердің бірінде 300-ден астам шетелдік азамат тіркелген. Осы фактілер бойынша ҚР ҚК 394-бабы (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша қылмыстық іс қозғалды, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ мемлекеттік қазынаға 3 мың заңсыз көшіп келушілердің 79 млн теңге салық төлемеу фактілері анықталды. Олар бойынша өндіріп алу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар сот шешімі бойынша елден шығарылуы тиіс 29 заңсыз көшіп келуші және қылмыстық құқық бұзушылық жасаған 43 заңсыз көшіп келуші шығарылмаған.

Жалпы, тексеру аясында Алматы облысының прокуратурасы көші-қон заңнамасын 600-ден астам бұзушылықты анықтап, 17 көші-қон полиция қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Айта кетейік, бұзушылықтарды жою бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы