Президенттің туған күніне байланысты ешқандай іс-шара өткізілмейді

15 Мамыр 2023, 16:29
919
Бөлісу:
Президенттің туған күніне байланысты ешқандай іс-шара өткізілмейді
Фото: Ақорда

Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары – Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Президенттің баспасөз қызметіне бұқаралық ақпарат құралдарынан Мемлекет басшысы туған күнін қалай атап өтетіні туралы сұрақтар келіп түсіп жатыр.

Осыған орай ешқандай іс-шара жоспарланбағанын хабарлаймыз. Президент мұндай шараларды қолдамайды. Мемлекет басшысы 17 мамыр күнін жұмыс кестесіне сай өткізеді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бұл күні Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары басталады. Қазақстанда да, ҚХР-ға сапар аясында да Президенттің туған күніне байланысты ешқандай іс-шара өткізілмейді.

Өзгелердің жаңалығы