Президенттің Ресейге сапары: Тоқаев президенттік борышын атқарып келді - Қошанов

10 Мамыр 2023, 12:50
2696
Бөлісу:
Президенттің Ресейге сапары: Тоқаев президенттік борышын атқарып келді - Қошанов
Фото: Сенат

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Президенттің Ресейге не себепті барғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжілістің кулуарында Мәжіліс спикері Тоқаевтың Ресейге не себепті барғанына қатысты қойылған сұраққа жауап берді.

Мен мұны дұрыс сапар деп есептеймін. Себебі, екінші дүниежүзілік соғыс пен Ұлы жеңіс - біздің ортақ тарихымыз. Сондықтан барлық бауырлас мемлекеттің басшылары осы парадта болды. Мұны соғыста қайтыс болған ата-балаларымызға, әкелерімізге арналған құрмет деп ойлаймын. Бұл мәселені саясиландырудың қажеті жоқ деп есептеймін, - деп айтты ол.

Қошанов атап өткендей, Қазақстаннан 1,2 млн-ға жуық адам соғысқа қатысқан . Оның жартысы соғыстан оралмады. Олардың көбі Ресейде жатыр. Олардың іздеушісі, жоқтаушысы болу керек пе, болмау керек пе? Менің ойымша, ол - қазақ халқы, президент болуы керек.

Президенттің сапарына зерделеп қарасаңыз, ол адымен Астанадағы Отан қорғаушылар мемориалына барып, гүл шоғын қойып, қайтыс болған Отан қорғаушыларға тағзым етті. Сонымен бірге ардагерлерімізге Халық қаһарманы атағын берді. Содан кейін Ржев қаласына барды. Онда 22 мың қазақстандық кезінде соғыста қаза болған. Олардың барлығының аты-жөндері тасқа қашалып жазылған. Олардың барлығына зиярат жасау үшін Президент сол жерге барды. Өзіміздің дәстүріміз бойынша құран да оқытты. Жоқтаушысы болып барды, - деп айтты Мәжіліс спикері.

Қошанов ол жерде Президенттің әкесінің туған ағасы Қасым Болтаев та жерленгенін айтты.

Сондықтан бұл сапарда Президент өзінің азаматтық борышын, перзенттік борышын және президенттік борышын атқарып келді деп есептеймін, - деп жауап берді Ерлан Қошанов Мәжілістің кулуарында.

Өзгелердің жаңалығы