Президенттің мақаласынан оптимистік сенім аңғарылады - зейнеткер

5 Қаңтар 2024, 10:35
601
Бөлісу:
Президенттің мақаласынан оптимистік сенім аңғарылады - зейнеткер
Фото: Кейіпкердің жеке мұрағатынан

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған мақаласына ауыл-аймақтағы ағайындар да өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысының «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек» атты мақаласын оқып шықтым. Мақаланың тақырыбы мен мазмұнынан еліміздің ертеңіне деген оптимистік сенім айқын аңғарылады. Мақала барысында Президент жұрт аузында жүрген әңгімелерге өз пікірін білдіріп, бірқатар мәселе туралы ойын мәймөңкелеусіз ашық айтқан. Қаңтар оқиғасы, қос билік және ескі жүйе мен түрлі ықпалды ескі күштер турасындағы көп қауесеттерге нүкте қойды, - дейді зейнеткер Нұргүл Ескожаева.

Зейнеткердің айтуынша, Президент Қаңтар оқиғасы кезінде жүйелі жұмыс атқарып, халықтың амандығына кепіл болған.

Қаңтар оқиғасынан бері 2 жылдан астам уақыт өтіпті. Қаңтар оқиғасы - aca ықпалды қаскөй топтың экстремистер, қылмыстық топтар мен әсіредіншілдердің көмегімен мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған талпынысының салдары. Олардың мақсаты елдің іргесін шайқап, билікті басып алу болатын. Президент Қаңтар оқиғасы кезінде елімізді құрдымға кетуден сақтап қалу үшін «барлық іс-әрекетті күндіз-түні және сағат сайын тікелей өзім бақылап отырдым» деді. Сұхбат барысында Президентіміз Жаңа Қазақстанды құру жолында қандай жұмыстар атқарылып келе жатқаны және экномикамыздың одан әрі дамуы, халқымыздың жағдайы, ішкі саясат, Президент сайлауы, Қаңтар оқиғасы, АЭС, сыртқы елдермен байланыс және 2024 жылы аталып өтетін үлкен шаралар, төрағалық ететін ұйымдар, жасалатын жұмыстарға тоқталып, баса назар аударды. Атқаратын жұмыстардың өте көп екені белгілі. Өз ойым Президентіміздің жасап жатқан жұмысы орасан зор, - дейді зейнеткер Нұргүл Ескожаева.

Өзгелердің жаңалығы