Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украина президентінің жұбайы Елена Зеленская коронавирус індетін жұқтырды, деп хабарлады ukrinform.ru.
Украина президентінің әйелі Елена Зеленскаядан CОVID-19 сынамасының оң нәтижесі анықталды. Алайда, бірінші ханым өзін жақсы сезінеді, себебі вирус симптомсыз. Қазір Елена Зеленская отбасының басқа мүшелерінен оқшауланып, амбулаторлық емделуде жатыр, - делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, Украина президенті Владимир Зеленский мен оның балалары да сынама тапсырған. Алайда, вирус олардан анықталмады.
Жұмыс кездесулері мен тұрмыстық жағдай барысында бірінші ханымның карантин ережелері мен Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарын толық сақтағаны айтылады. Сондай-ақ, ол қауіпсіздік хаттамасының талаптарына сәйкес, COVID-19 сынамасын үнемі тапсырып отырған. Маусымның басында жасалған сынамалардың нәтижелері теріс болды.
Бұл індет қайда және қашан жұққаны әзірге белгісіз, эпидемиологиялық тексеру жүргізіліп жатыр. Барлық байланыста болған адамдарға жұқтырудың ықтималдылығы туралы хабарланды. Оларға өзін-өзі бақылау мен мүмкіндігінше тестілеуден өтіп тұру ұсынылды, - делінген хабарламада.