Президенттің америкалық іскер топтармен екіжақты кездесулері жалғасып жатыр

19 Қыркүйек 2022, 23:55
767
Бөлісу:
Президенттің америкалық іскер топтармен екіжақты кездесулері жалғасып жатыр

Президент ЕРАМ systems компаниясының негізін қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы Аркадий Добкинмен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесу барысында Қазақстанда толыққанды технологиялық хаб құру және IT саласында адами капиталды дамыту мәселелері әңгіме арқауына айналды. 

ЕРАМ systems – бағдарламалық қамтамасыз ету және күрделі цифрлық платформаларды әзірлеу қызметін көрсететін әлемдік жетекші компания.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Coursera компаниясының бас директоры Джефф Маджионкалда білім беру саласын дамыту, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру, университеттерге академиялық қолдау көрсету мәселелерін талқылады.

Президенттің америкалық іскер топтармен екіжақты кездесулері жалғасып жатыр

Coursera – білім беру және заманауи өмірлік дағдыларды оқыту саласындағы көшбасшы компаниялардың бірі.

Өзгелердің жаңалығы