Бұл туралы Әділет министрі Қанат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Екі ай мерзім бұл үшін (Президенттік кандидаттарды дайындау үшін – ред.) жеткілікті. Егер саясаткер өз Отанының болашағы үшін, халқы үшін алаңдаса, ол әр сайлауға дайын болуы қажет, - деп түсіндірді Парламент кулуарында журналистердің сұрағына жауап берген Әділет министрі Қанат Мусин.
Сондай-ақ ведомство басшысы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңнан Президент болып сайлану үшін мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда кемінде 5 жылды құрайтын жұмыс тәжірибесінің болуын міндеттейтін 54-бапты алып тастау қажет пе?» деген мәселеге тоқталды.
Бұл заңға өзгерістер енгізу үшін Парламенттің шешімі қажет, - дейді министр.
Бүгін астанада өткен қос палатаның бірлескен отырысында «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
Заң жобасын Сенаттың 50 депутатының 50-і, Мәжілістің 99 депутатының 98-і қолдап дауыс берді.
Қабылданған заң жобасы бойынша Президенттің мандатын қайта сайлану мүмкіндігінсіз бір мерзімге шектеу осы Заң жобасы күшіне енгеннен кейін жеті жыл мерзімге Президент болып сайлаған адамдарға қолданылады. Сондай-ақ елорданың атауы қайтадан Астана болып өзгереді.Тағы бір айта кетерлігі, Конституциялық Соттың судьялары қайта тағайындалуына шектеу қойылады. Конституциялық Сот судьяларының өкілеттік мерзімдерін 8 жылға дейін ұлғайтылады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қанат Мусин елдегі кезектен тыс Президент сайлауы қащан өтетіні туралы айтқан болатын.