Президенттік жастар кадр резерві. Үміткерлердің тізімі жарияланды

13 Қазан 2023, 18:16
870
Бөлісу:
Президенттік жастар кадр резерві. Үміткерлердің тізімі жарияланды
Фото: Ғазиз ШАКИРОВ - архив

13 қазанда Президенттік жастар кадр резервінің ресми сайтында іріктеудің келесі кезеңі – «Құзыреттерді бағалау: ассесмент-орталығына» жіберілген үміткерлердің тізімі жарияланды. Іріктеудің келесі кезеңіне 244 үміткер жіберілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алдыңғы кезеңдер үміткерлердің шектеулі уақыт жағдайында әртүрлі ақпаратты қабылдау, талдау және түсіндіру қабілеттерін бағалауға бағытталған онлайн кезеңдер циклі болды.

Өткен әр кезеңдегі өту балы қатысушылардың жалпы саны ескеріле отырып, көрсетілген нәтижелерге қарай кему ретімен нәтижелерді саралау арқылы қалыптасты. Бұл ретте жіберілетін қатысушылардың шекті саны іріктеу тәртібімен регламенттелді.

Тәртіпке сәйкес, «Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау» кезеңінің блоктарында бірнеше үміткердің нәтижесі бірдей болған жағдайда келесі блокқа/кезеңге көбірек үміткерлер жіберілді.

Осылайша, тестілеудің бірінші блогы – «Мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалауға» жіберілген 6404 қатысушылардың 5398-і қатысты. Келесі блокқа 14 және одан жоғары балл жинаған үміткерлер өтті.

Екінші блок – «Сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалауға» 2926 үміткер қатысты. Іріктеу тәртібіне сәйкес, келесі кезеңге 20 және одан жоғары балл жинаған 607 үміткер жіберілді.

6 салалық бағыт бойынша «Ситуациялық тапсырмаларды шешу» кезеңінде 3,58 және одан жоғары балл жинаған үміткерлер «Құзыреттерді бағалау: Ассессмент-орталық» кезеңіне жіберілді. Әрбір үміткерге кездейсоқ сәйкестендіру нөмірі берілді, оның көмегімен қатысушылардың деректері иесіздендірілді. Эссені бағалауды мемлекеттік қызмет, бизнес және академиялық орта өкілдерінен үш салалық сарапшы жүзеге асырды. Қорытынды баға салалық сарапшылар қойған бағалардың орташа мәнінен шығарылды.

Алдыңғы жылдардағы екі іріктеуде әр үміткердің келесі кезеңдегі мүмкіндіктерін алдын ала анықтайтын және бақылауға мүмкіндік беретін баллдар есепке алынды.

Ағымдағы іріктеуде үміткерлердің жинаған балдары қосылмайды. Келесі кезеңге өту үшін үміткерлер блоктар мен кезеңдердің әрқайсысында ең жоғары нәтижелерді көрсетуі керек.

Сондай-ақ әрбір нәтиже бойынша қорытынды баллдар үміткерлердің жеке кабинеттерінде қолжетімді екенін атап өту қажет.

Төртінші кезеңнің бірінші блогы – «Құзыреттерді бағалау: ассесмент-орталығы» 19-24 қазан аралығында оффлайн режимде Мемлекеттік басқару академиясының базасында өтеді. Бұл блок топтық және жеке жаттығуларды қамтиды және үміткерлердің құзыреттілік деңгейін анықтауға бағытталған.

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің алғашқы кезеңдерінің қорытындылары туралы толығырақ ақпарат мына сілтемеде.

Өзгелердің жаңалығы