Президент жылына 3650 тонна қызанақ өсірілетін жылыжайға барды

5 Қыркүйек 2023, 19:18
628
Бөлісу:
Президент жылына 3650 тонна қызанақ өсірілетін жылыжайға барды
PHOTO
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы қызанақ пен көшет өсіруге маманданған «Lst Agro» ЖШС жылыжай кешенін аралап көрді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.

Президент жылына 3650 тонна қызанақ өсірілетін жылыжайға барды

Жылыжай кешенінің жалпы аумағы – 7 гектар. Онда жылына 3650 тонна қызанақ өсіріледі. Кешенге 5,2 миллиард теңге көлемінде инвестиция құйылған. Мемлекеттік қолдау шаралары «Даму» қоры арқылы көрсетіледі. 

Президент жылына 3650 тонна қызанақ өсірілетін жылыжайға барды

Президентке кәсіпорында тамшылатып суару, тұмандату және көмірқышқыл газын өндіру жүйелері жұмыс істейтіні туралы баяндалды. Жылыжай кешеніндегі суару құралдарын, климаттық және энергетикалық жабдықтарды басқару жүйесі толығымен автоматтандырылған, сондай-ақ ол арнайы компьютерлік бағдарлама көмегімен жүзеге асырылады. 

Президент жылына 3650 тонна қызанақ өсірілетін жылыжайға барды

Мұнда суды тазартудың заманауи технологиясы да енгізілген. Қызанақ өсірудің озық голландтық әдісінің нәтижесінде компания өнім көлемін бірнеше есе ұлғайтып, сапасын жоғарылатуға қол жеткізді. 

Президент жылына 3650 тонна қызанақ өсірілетін жылыжайға барды

Өнімнің басым бөлігі экспортталады. Кешенді аралап көрген Мемлекет басшысы өндірілетін өнім түрлерімен танысып, жаңа жұмыс орындарын ашу және азық-түлік қауіпсіздігін сақтау үшін осындай инвестициялық жобаларды іске асыру маңызды екенін атап өтті.

Президент жылына 3650 тонна қызанақ өсірілетін жылыжайға барды
Өзгелердің жаңалығы