Президент жұмыс сапарымен Алматыға барды

31 Мамыр 2022, 12:22
1188
Бөлісу:
Президент жұмыс сапарымен Алматыға барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Президент ертең, 1 маусымда Балаларды қорғау күніне арналған шараға және Ұлттық ғылым академиясында өтетін салтанатты жиынға қатысады.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар ғылыми мекемені, оқу орындарын аралап көреді және жеке кездесулер өткізеді деп жоспарланған.
 

Өзгелердің жаңалығы