Президент «Жошы хан» спектаклінің премьерасын тамашалады

22 Маусым 2023, 21:52
1952
Бөлісу:
Президент «Жошы хан» спектаклінің премьерасын тамашалады
PHOTO VIDEO
Фото: Ақорда

Қойылым «Шыңғыс ордасы» мен «Қазақ ордасы» атты екі бөлімнен тұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлімдейді.

Президент «Жошы хан» спектаклінің премьерасын тамашалады
Президент «Жошы хан» спектаклінің премьерасын тамашалады

Спектакльде Шыңғыс хан мен ұлы Жошы арасындағы қарым-қатынас, олардың ел басқару ісіндегі қабылдаған шешімдері, өмірінің белгілі кезеңдері кеңінен суреттеледі. Сондай-ақ Ұлы даладағы түркі тайпаларын бір ұлысқа біріктіріп, Ұлытауда ордасын тіккен Жошы оғлан бейнесі Қазақ мемлекеттігінің негізін қалаушы – Жошы хан дәрежесіне дейін көтеріледі.

Президент «Жошы хан» спектаклінің премьерасын тамашалады
Президент «Жошы хан» спектаклінің премьерасын тамашалады

Тарихи драманың авторы – белгілі жазушы-драматург Думан Рамазан, қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов.

Президент «Жошы хан» спектаклінің премьерасын тамашалады
Президент «Жошы хан» спектаклінің премьерасын тамашалады

Мемлекет басшысы қойылымды тамашалаған соң туынды авторымен және Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының ұжымымен әңгімелесті.

 

Президент «Жошы хан» спектаклінің премьерасын тамашалады
Президент «Жошы хан» спектаклінің премьерасын тамашалады
Президент «Жошы хан» спектаклінің премьерасын тамашалады

Құтты болсын! Өте керемет қойылым болды. Шын мәнінде, пьесаның тақырыбы өте маңызды, өзекті. Мұндай туындылар халқымыз үшін қажет деп ойлаймын. Пьесаның тілі, мәтіні өте жақсы жазылған. Әртістердің бәрі жақсы ойнады. Шеберлігі мықты екен. Біздің тарихымызды, тарихи құндылықтарымызды қазіргі таңда халық арасында кеңірек дәріптеуіміз керек. Кейбіреулер қазақтардың өз тарихы, мемлекеті, елі болмаған деген сөздер айтып жүр. Ол – біздің тарихымызды бұрмалау. Өнерлеріңіз қашанда табысты болсын. Баршаңызға аманшылық тілеймін, – деді Мемлекет басшысы.

Президент «Жошы хан» спектаклінің премьерасын тамашалады
Президент «Жошы хан» спектаклінің премьерасын тамашалады

Президент театр ұжымына шығармашылық табыс тілеп, өнер ордасына ұлттық мәртебе беру жөнінде шешім қабылдағанын айтты. Тиісті Жарлық қазан айында Республика күні қарсаңында жарияланады.

 

Өзгелердің жаңалығы