Президент Жолдауы – қоғаммен тікелей байланыс құралы

11 Қазан 2022, 18:10
6706
Бөлісу:
Президент Жолдауы – қоғаммен тікелей байланыс құралы
Фото: автордан

Ертіс өңірінде «Президент Жолдауы – қоғаммен тікелей байланыс құралы» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Павлодар облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Келелі жиынға Павлодар педагогикалық университеті мен Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-зерттеу тобының өкілдері қатысты. Сарапшылардың айтуынша, шараның көздегені Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын кеңінен насихаттау болып табылады. 

Бұл тақырып Президент Жолдауында кеңінен талқыланған еді. Әсіресе, билік пен халық арасындағы байланысты нығайту қажет. Келелі кеңестің мақсаты да сол. Қоғам болып мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға атсалысу,

Президент Жолдауынша халық алаңдаған көптеген мәселеге тоқталды. Біз барлық бастамаларды қолдаймыз. Себебі, алдағы жоспар аталмыш жолдау аясында бекітілетіндігін де тілге тиек етті. Ел Президентінің бұл жолғы мәлімдемесі  бірінші қыркүйек – білім күнімен тұспа-тұс келуінде де үлкен саяси мән бар. Бүгінде көптеген әлеуметтік мәселе шешімін тауып жатыр, - дейді гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің оқытушысы, профессор Бекен Сағындықұлы. 

Жиналған қауым алдағы президент сайлауына қатысты да пікір білдірді. Олардың айтуынша, тұрғындар саяси науқанға қатысып, дауыс беру керек. Себебі, ел болашағы үшін әр адамның таңдауы маңызды. 

Өзгелердің жаңалығы