Президент жарлықтары: Жоғары лауазымды тұлғалар қызметінен босатылды

Тоқаев кадрлық өзгерістер жасады

27 Тамыз 2026, 10:12
АВТОР
 Ақорда 27 Тамыз 2026, 10:12
27 Тамыз 2026, 10:12
178
Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар кадрлық шешім қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстанның Солтүстік Македониядағы елшісі, қорғаныс министрінің орынбасары және Президент Іс басқарушысының орынбасары атқарып жүрген лауазымдарынан босатылды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Сатыбалды Ересұлы Бұршақов Қазақстан Республикасының Солтүстік Македония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.

Мемлекет басшысының өкімімен Дархан Мейрамұлы Ахмедиев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.

Мемлекет басшысының өкімімен Абай Алтай Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымынан босатылды.

Мемлекет басшысының өкімімен Ербол Дәненұлы Адаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.

 

 

Наверх