Президент Жарлығымен әскери қызметші Сәндібек Қайыров «Айбын» орденімен марапатталды

14 Қаңтар 2022, 18:41
1164
Бөлісу:
Президент Жарлығымен әскери қызметші Сәндібек Қайыров «Айбын» орденімен марапатталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қорғаныс министрлігі 32363 әскери бөлімі командирінің орынбасары (марқұм) Сәндібек Қайыров ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды, деп хабарлайды Ақорданың  баспасөз қызметі.

Әскери борышын атқару үстінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы, сондай-ақ мемлекет мүддесін қорғау кезінде жасаған ерлігі үшін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі 32363 әскери бөлімі командирінің орынбасары (жауынгерлік даярлық жөніндегі) Сәндібек Ғалимоллаұлы Қайыров ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталсын (марқұм), – делінген Жарлықта.

 

Өзгелердің жаңалығы