Президент жаңадан тағайындалған энергетика министрін қабылдады

19 Желтоқсан 2019, 16:12
5643
Бөлісу:
Президент жаңадан тағайындалған энергетика министрін қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы энергетика министрі Нұрлан Ноғаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрлігінің алдында тұрған мақсат-міндеттерінің маңыздылығы туралы айтып, халықты электр қуатымен, газбен және жылумен қамтамасыз етуге баса көңіл бөлуді тапсырды, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, мұнай-газ және энергетика салаларындағы әлемдік және отандық ірі компаниялармен өзара ықпалдастық орнату мәселесі қарастырылды.

Кездесу қорытындысы бойынша мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді. 

Өзгелердің жаңалығы