Президент: Вакцина – бұл өзімізді және отбасымызды қорғаудың жалғыз мүмкіндігі

19 Шілде 2021, 16:20
5560
Бөлісу:
Президент: Вакцина – бұл өзімізді және отбасымызды қорғаудың жалғыз мүмкіндігі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңесте айтты.

Еліміздің әр азаматына айтарым: денсаулықты сақтаңыздар, туған-туыстың, отбасының амандығын ойлаңыздар. Ал Үкімет пен өңір басшылары белгіленген міндеттердің бәрін мінсіз атқаруға тиіс, - деді Тоқаев.

Тоқаев вакцина-бұл өзімізді және отбасымызды қорғаудың жалғыз мүмкіндігі екенін айтты.

Біздің балалар біздің қателіктеріміз үшін ақы төлемеуі керек. Бейбіт уақытта жақындарыңызды жоғалтпау керек. Өзіңізді және жақындарыңызды осы қауіптен қорғаудың жалғыз жолы – вакцинация. Әлемдік медицина әлі басқа әдістерді ұсынған жоқ және жақын болашақта ұсынуы екіталай, - деді Президент.

Өзгелердің жаңалығы