Президент «Ұрпақ теңдігі» атты жаһандық форум қатысушыларына бейнеүндеу жасайды

1 Шілде 2021, 11:53
1631
Бөлісу:
Президент «Ұрпақ теңдігі» атты жаһандық форум қатысушыларына бейнеүндеу жасайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін, Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша, шамамен сағат 19:15-те Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «БҰҰ – әйелдер» құрылымының Франция және Мексика үкіметтерімен бірлесіп ұйымдастырған «Ұрпақ теңдігі» атты жаһандық форум қатысушыларына бейнеүндеу жасайды.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Виртуалды форматта өтетін жиын гендерлік теңдік саласындағы жаһандық күш-жігерді үйлестіруге арналған. Форумның негізгі мақсаты – осы процеске тартылған барлық қатысушының нақты міндеттемелеріне негізделген көпжақты механизм қалыптастыру.

Өзгелердің жаңалығы