Президент Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады

9 Қараша 2022, 11:00
776
Бөлісу:
Президент Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады

Биыл 10-11 қарашада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Самарқанд қаласына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорданың Телеграм каналы жазды. 

Жиын барысында мемлекеттер басшылары ТМҰ аясындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын қарастырады.

Сондай-ақ саммит қатысушыларымен екіжақты кездесулер өткізу жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы