Президент: Тәуелсіздік құрдастары азаттықтың қадірін білуі керек

5 Қаңтар 2021, 11:23
1815
Бөлісу:
Президент: Тәуелсіздік құрдастары азаттықтың қадірін білуі керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Егемен елде дүниеге келіп, өсіп-жетілген олардың санасы сергек, көзқарастары да, өмір салттары да өзгеше. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз мақаласында айтты.

Бүгінде Тәуелсіздік құрдастары ойы толысқан отыз жасқа толды. Егемен елде дүниеге келіп, өсіп-жетілген олардың санасы сергек, көзқарастары да, өмір салттары да өзгеше. Тіпті, Тәуелсіздікті ешбір дәлелді қажет етпейтін аксиома деп біледі. Бұл – егемендік ұғымы жастардың санасына берік орныққанын көрсететін қалыпты құбылыс. Бірақ Тәуелсіздік құндылығы жадына біржола шегеленіп, мәңгі сақталуы үшін өскелең ұрпақ оның қадірін білуі керек, – деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы бостандық бізге оңайлықпен келмегенін атап өтті.

Ата-бабаларымыз азаттық жолында арпалысты. Талай зұлмат замандар мен нәубеттерді бастан өткерді. Осының бәрі халықтың есінде сақталып, ұрпақтан ұрпаққа берілуге тиіс, – деді Тоқаев.
Өзгелердің жаңалығы