Президент Талдықорғандағы тігін фабрикасының жұмысымен танысты

20 Қазан 2022, 14:42
772
Бөлісу:
Президент Талдықорғандағы тігін фабрикасының жұмысымен танысты

Мемлекет басшысы Талдықорған қаласында биыл маусым айында ашылған «Айсұлу» Жетісу тігін фабрикасы» ЖШС жұмысымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды. Фабрика халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарды көптеп жұмысқа алған. Атап айтқанда, 26 көп балалы ана, 36 жалғызбасты ана, 11 мүмкіндігі шектеулі азамат қызмет етеді.

Фабрика басшысы Президентке өндіріс орнында қауіпсіз еңбек жағдайлары жасалғанын және қызметкерлерге үш мезгіл тегін тамақ берілетінін, жұмысшыларды тасымалдау үшін тиісті көлік қарастырылғанын баяндады.

Президент Талдықорғандағы тігін фабрикасының жұмысымен танысты

Заманауи тігін жабдықтарына ие кәсіпорын бүгінде бір рет қолданылатын медициналық бұйымдар (бетперде, халат, комбинезон) және арнаулы киім формаларын тігеді. 

Президент Талдықорғандағы тігін фабрикасының жұмысымен танысты

Қасым-Жомарт Тоқаев фабриканың өңірде шағын және орта бизнесті дамытуға үлгі болатынын айтты. 

Президент фабриканың жұмысын жоғары бағалап, өңірде шағын және орта бизнесті дамытуға үлес қоса беруіне тілектестік білдірді.

Өзгелердің жаңалығы