Президент табиғатқа зиян тигізгендерге айыппұлды ұлғайтуды тапсырды - министр

22 Шілде 2020, 15:31
930
Бөлісу:
Президент табиғатқа зиян тигізгендерге айыппұлды ұлғайтуды тапсырды - министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзум Мырзағалиев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн брифинг барысында айтты.

Осы демалыс күндерінен бастап жағдайды мониторингілеу және жергілікті жерлерде дереу шаралар қабылдау үшін Ұлттық парктер мен демалыс орындарына рейд жүргіземіз. Қоқыс тастаушыларға айыппұл саламыз. Рейдке қоғам белсенділері мен экологтар, еркітілер қатысады. Бүгін Мемлекет басшысымен сөйлестім. Президент табиғатқа зиян тигізген заң бұзушыларға қатысты жауапкершілікті күшейтуді және айыппұл жағын ұлғайтуды қарастыруды тапсырды. Тек біздің бірлескен күш-жігеріміз ғана елдің бірегей табиғатын сақтауға көмектеседі, - деді ол. 
Министр әрбір қазақстандықты табиғатты қорғауға шақырды. 
Журналистер мен блогерлер, экологтар мен қоғам белсенділері, қоршаған ортаның тазалығына немқұрайлы қарамайтындарға айтарым, барлығымыз бірігіп, өзіміз жол көрсетіп, әрбір қазақстандықты табиғатты құрметтеуге, оған қамқорлық жасауға үйретейік. Осылайша, барша қазақстандыққа ұран тастайық, - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, министр Президент "waste to energy" технологиясын енгізу үшін заңнамалық базаны және қолайлы инвестициялық жағдайларды жедел қамтамасыз етуді тапсырғанын айтқан болатын. 
Өзгелердің жаңалығы