Еліміздің барлық өңірі бойынша Президент шыршасына 4 мыңнан астам бала қатысты. Мерекелік кеш 25 желтоқсанда өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, әрбір қатысушы Президент шыршасынан бағалы сыйлық немесе 100 мың теңгелік сертификат алды.
Мерекелік іс-шара еліміздің барлық қаласы мен облыс орталығында өтті. Биыл шыршаға 9-13 жас аралығындағы 200 бала шақырылды. Еліміз бойынша кешке қатысқандардың жалпы саны 4 мыңнан асты. Олар - оқу үздіктері, түрлі конкурстар мен олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ оқуда, спортта, шығармашылықта немесе қоғамдық өмірде жетістіктерге жеткен дарынды балалар», - деді Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Аман Сейтов.
Биылғы жаңа жылдық шыршаның тақырыбы – «Қош келдің, Жаңа жыл – жаңа белес, жаңа арман!».