Президент шетелдіктерге жер сатудың нүктесін қойды

2 Қыркүйек 2019, 11:57
2709
Бөлісу:
Президент шетелдіктерге жер сатудың нүктесін қойды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдіктерге жер сатылмайтынын тағы да айтты. Бұл туралы ол Парламенттің бірлескен отырысындағы Қазақстан халқына арналған жолдауында мәлімдеді.

«Жұртшылықты  толғандырып жүрген жер мәселесіне арнайы тоқталағым келеді. Мемлекет басшысы ретінде тағы да мәлімдеймін: жеріміз шетелдіктерге сатылмайды. Оған жол берілмейді. Бұл мәселе бойынша қауесет таратуды доғару керек. Бірақ жерді тиімді пайдалануды қамтамасыз ету – біздің міндетіміз», - дейді президент.
Өзгелердің жаңалығы