Президент шешімдерінің дұрыстығына көптің көзі жетті – Болат Жанәділов

3 Наурыз 2022, 09:11
2280
Бөлісу:
Президент шешімдерінің дұрыстығына көптің көзі жетті – Болат Жанәділов

Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ел тұтастығына қауіп төнген сәтте ел басшылығының батыл қадамдары мемлекетімізді бейбіт өмір, тұрақтылыққа бастады. 

Тәуелсіз еліміздің даму жолында небір қиындықтарды көзбен көріп, игілікті істердің басы-қасында жүрген тұлғалардың бірі – Болат Жанәділов. Еңбек ардагері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде жүргізіп жатқан саяси реформаларына қатысты пікір білдірді. 

–Мемлекет басшысының ел басқарудағы қадамдарынан қандай ой түйесіз? 

–Бүгінгі жұрт билікті сынауға әуес. Оның үстіне жер дүниенің жаңалығын, өсек-аяңын, жақсы-жаманын теріп желпілдете беретін әлеуметтік желінің жалған ақпараттары да көп адамды адастыруда. Бұл үрдіс өте қынжылтады. Қаптаған көп пікір, жел сөз тұрғындардың шындықты көріп-білуіне, дұрыс пайымдауына бөгет болады.

Мен де ұзақ жылдар бойы жауапты қызметтер атқарып, Қазақ ССР Жоғары кеңесінің депутаты болдым, саяси жұмыстарға араластым. Бұл салада біршама тәжірибем бар деуіме болады. Сондықтан, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларын қолдаймын. Олай деуімнің себебі – мен Қасым-Жомарт Кемелұлының терең біліміне, саясаткерлігіне, ақылы мен сабырына сенемін. Адам мінезі Алладан, табиғаттан берілетін сый. Алдымен, маған Президентіміздің мінезі, сабырлылығы, салмақтылықтылығы ұнайды. Ондай мінезі бар адам ешқашан қызуқандылыққа салынбайды, ұшқары ойдан, қате шешімдерден ада болады.

Екіншіден, біз оның әуелі еліміздің Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, одан кейін ұзақ жылдар Сыртқы істер министрі болғанын, саяси ғылымдар докторы екенін, тоғыз кітап, көптеген мақалалар жазған, өте білікті саясаткер, маман екендігін естен шығармауымыз керек. БҰҰ бас хатшысының орынбасары, оның Женевадағы бөлімшесінің бас директоры болып, әлем саясатшыларымен араласуы саясаттағы тәжірибесін толықтары түскені кәміл. Ана тіліне қоса, орыс, ағылшын, қытай, француз тілдерін білуі шет елдік қайраткерлермен еркін пікір алмасуына жол ашады емес пе? Оның кітап, саяси-қоғамдық және әдеби газет-журналдарды оқып, әлеуметтік желідегі пікірлерді  біліп, өзі де пікір қосып отыратын белсенділігі де қуантады. Қ.Тоқаев ҚР Парламенті сенатының төрағасы болып, еліміздің ішкі мәселелерімен де айналысты.

Президент өмір жолы мен білімі, тәжірибесін Қазақстан Республикасының Президенті бола жүріп, елімізде аяқ астынан бүлік шығып, қиындық туғанда көрсетті. Шынын айту керек, жұрттың көбі оның биязы мінезі, зиялылығын еске алып, осындай сын сәтте шұғыл шешім қабылдай ала ма, жоқ па деп алаңдаған болатын. Бірақ, ол барлық білім-білігін, үлкен саясаткер, ел қамқоры екендігін, керек кезінде шұғыл шешім қабылдай алатынын көрсетті. Сондай шешімі арқасында елдің тұтастығын, тәуелсіздігін қорғап қалды! Оның сол шешім-ұйғарымдарының дұрыс болғандығына көптің көзі енді жетті. Міне, мұндай батыл қадамдарды жасауға оның саясаттағы үлкен тәжірибесі мен білімі, терең түйсігі жәрдем болды деп, есептеймін.

–Күрделі кезеңде елімізде батылшешімдердің қолға алынуы - елді тығырыққатіремеудің қамы екені белгілі. Предиденттің саяси жүйені өзгертуге негізделген Жаңа Қазақстан құру бастамасын қоғам қалай қабылдауда? 

–Еліміз қателесуден, сүрінуденқорыққан емес. Қаншама қиындықтар кезболса да дұрысбағыттан айныған жоқ. Күні кешеелдігіміз сынға түскен «Қасіретті қаңтар» оқиғаларында Президент елді бірлікке жұмылдырды. Залым күштер қалалардықиратты, қарсы келгенді жайратты, елішінде үрей туғызды. Қаншама сауда орталықтары, дүкендер тоналды. Жасырары жоқ, пандемияныңда бизнеске тигізгензияны аз емес. Соған қарамастан кәсіпкерлерге мемлекеткөмектесіп отыр. Әлеуметтік бағыттағы бағдарламаларды қаржыландыру тоқталмақ емес. Осыоқиғаға дейін Қазақстанең қауіпсіз, тұрақтыелдер қатарында еді. Дегенмен елімізмемлекет тұтастығын нұқсан келтірушілерге тойтарыс береуге қауқарлыекенін әлемге көрсетті. Ендігі міндет – осындай қанды оқиғалардың  қайталануын жол бермеу. Президент халық алдына Жаңа Қазақстан құру міндетін қойды. Қазір елімізде үлкен реформа, жаңғыру жүріп жатыр. Оның ұйтқысы, реформатор Президент Қасым-Жомарт Тоқаев. Күштік құрылымдар қоғамдық тәртіпті қалыпқа келтіруге жұмылдырылды. Президент тапсырмасымен Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Құқық қорғау салаларында, Ұлттық ұлан сапында түбегейлі өзгерістер орын алмақ. Экономика, білім, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, қай салада болмасын, жаңару жүзеге асуда. Үлкен дайындықтар, алдын ала болжамдар өз жемісін бермей қойған жоқ. Ұлтына, ұлысына қарамай, ортақ іске жұмылған тұрғындарды елдегі тұрақтылық, экономикалық ілгерілеулер тұтастандыра түсті. Халық пен билік арасы жақындай түсті. Өз мәлімдемесінде Президент бай компанияларға әлеуметтік мәселелерді шешуге қатысу қажет екенін айтты. Осыған орай, ол нақты әлеуметтік мәселелерді шешумен айналысатын «Қазақстан Халқына» қоғамдық әлеуметтік қорын құру туралы бастама көтерді. Мысалы, сирек кездесетін аурулары бар балаларға көмек көрсету, өңірлерде спорт нысандарын салу. Қорды қаржыландырудың негізгі көздерінің бірі ірі бизнестің тұрақты жарналары болады. Бұл өте әділ шешім, өйткені ірі бизнес өкілдері халыққа құрмет көрсетуі керек. Сондай-ақ азаматтардың жалақысы мен зейнетақыны арттыру жалғасады, ал депутаттар мен әкімдердің жалақысына мораторий қойылды. 

–­Қай қоғамдық формация, қай заман, қай дәуір болмасын алға бастыратын, бақуатты, бәтуәлі, берекелі тұрмыс-тіршілікке қол жеткізетін адал еңбек егемендігін көрсетіп отыр. Осы ретте ел болашағы саналатын жастарға нені ұғындыруымыз керек? Бұл бағыттағы жұмыстар қаншалықты нәтиже беруде?

Мемлекет басшысы өз мәлімдемесінде жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажеттігіне арнайы тоқталды. Қоғам өзгергелі. Қазір жастардың еңбектен қол үзіп, құр қиялға еруінің белең алғаны рас. Жарқылдаған жарнамалардың шынайы өмірден адастыратыны тағы бар. Мол дүние, шылқыған байлық, аспанмен астасқан зәулім үйлердің маңдайдан тер шығармай-ақ, сап ете түсерін насихаттап, желпінтер «идеялар» ұсынылады. Жеңіл ақшаның адастыратыны, кейде адамгершіліктен айырып, ұлттық ұстаным, қағидалардан алыстатып әкетері болатыны айтылмайды. Бақытты болудың негізі бай болу ғана емес екеніне екі жастың бірі тоқтай қоймайды, бүгінде. Адал еңбекпен тапқан нанның тәтті болатынын естен шығарып жүргендер баршылық. Мен бүгінгі жастардың бәрінің бірдей жоғары оқу орнына ұмтылуын түсінбеймін. Білімге ұмтылу жөн ғой. Ал, енді оған қабілетің жетпесе, ол мамандықты ұнатпасаң, диплом үшін оқудың керегі бар ма? Одан да өзіңнің жүрегің қалаған, жаныңа жақын мамандықты игерсең ісің өнікті, өзің сыйлы болсаң ғой. Бүгінгі жастар осыны дұрыс түсінсе екен, деймін. Мамандықтың жаманы жоқ. Тракторшы бол, темір ұстасы бол. Оның жетік маманы болсаң сені ешкім кемітпейді. Біздің замандастарымыз арасында да бүкіл өмірін, білім-білігін тегеуріні мен еңбегіне арнаған жандар көп. Олардың алаңсыз, адал еңбектері, тынымсыз ізденістері – тағдырлары. Міне, осындай жандардың жарқын жолдары, табысты істері жастарға үлгі етілуі тиіс.

–Алда қандай өзгерістер күтесіз? Қазіргі қоғамның басты мәселесі не деп ойлайсыз?

–Ел басына түскен қиындық, Қаңтар қасіретінен кейін Президент бірден үлкен іс-әрекетті бастап кетті. Бұл қадамы да сырт көзге елең еткізерлік оқиға болды. Алайда, Президенттің уақыт оздырмай, елді бір мақсатқа жұмылдырып, жаңғыру, жаңаруға кірісіп кеткені өте жөн болды деп есептеймін. Білімсіз, тәжірибесіз, ашуға жеңдірген адам әрқашан қате қадам жасайды. Керісінше, ұяда көрген тәрбиесі, білімі толық, тәжірибесі мол, мінезге бай адам әрқашан дұрыс шешім қабылдайды. Мен біздің Президентіміз осындай адам деп білемін. Сондықтан, оның Жаңа Қазақстан құру бастамасын толық қолдаймын. Демек, бұған дейін де талай дағдарыс дауылын еңсерген еліміз бұл жолы да ерен қиындықтарға шыдас берер деген сенім мол. Алайда, бұл үшін жаңа экономикалық саясатты жете түсініп, барлық қойылған талаптар деңгейінен көрініп, бел шешпей еңбек ету қажет. Бүкіл қоғам бірігіп Мемлекет басшысы алға қойған бір мақсатқа жұмылса ойға алған істердің бәрі орындалмақ. Қазіргі қоғам үшін ең басты құндылық – тұрақтылық. Бейбіт өмір, алаңсыз еңбек, өзге елдермен алыс-беріс, бизнеске қамқорлық, ғылымға жол ашу, осының бәрі дамуғанегіз болары сөзсізекендігін бәрі де түсінді. Ортақ іске жұмылу, ауызбіршілікті сақтау, орынсыз абыржуға жол бермеу біздің басты мақсатымыз. 

 

Өзгелердің жаңалығы