Президент Shell компаниясының басшылығымен кездесті

9 Қараша 2022, 17:14
933
Бөлісу:
Президент Shell компаниясының басшылығымен кездесті

Мемлекет басшысы Shell plc компаниясының бас атқарушы директоры Бен ван Берденмен және газ, ЖЭК, энергетика салаларындағы кешенді шешімдер бөлімшесінің директоры Уаэль Сауанмен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
 

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды. Әңгімелесу барысында мұнай-газ және энергетика секторларындағы ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды. Қарашығанақ және Қашаған кен орындарын одан әрі игеруге ерекше назар аударылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев жақын арада қызметінен босайтын Бен ван Берденге Қазақстанның мұнай-газ саласын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтты. Сондай-ақ аталған компанияның басшылығына келетін Уаэль Сауанға табыс тіледі. Президент оның қызметі елімізбен өзара тиімді серіктестікті дамытуға септігін тигізетініне сенім білдірді.

Президент Shell компаниясының басшылығымен кездесті

Кездесу соңында Мемлекет басшысы мұнай-газ өнеркәсібін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Бен ван Берденді ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Президент Shell компаниясының басшылығымен кездесті


 

Өзгелердің жаңалығы