Президент Шахбаз Шарифпен телефон арқылы сөйлесті

10 Маусым 2023, 12:12
698
Бөлісу:
Президент Шахбаз Шарифпен телефон арқылы сөйлесті
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Пәкістан тарапының бастамасы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шариф телефон арқылы сөйлесті. Тараптар Қазақстан мен Пәкістан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

Сондай-ақ екі ел арасындағы өзара сауда-саттықтың қарқынды дамып келе жатқаны және түрлі саладағы ынтымақтастықтың кеңейе түскені атап өтілді.

Тараптар екіжақты қатынастарды одан әрі нығайтуға мүдделі екенін тағы да растады.

Әңгімелесу соңында Премьер-министр Шахбаз Шариф Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Пәкістанға өзіне ыңғайлы кез келген уақытта ресми сапармен келуге шақырды.

Өзгелердің жаңалығы