Президент сайлауы. Ел аумағында 10 мыңнан астам учаске іске қосылады

15 Қараша 2022, 15:26
1363
Бөлісу:
Президент сайлауы. Ел аумағында 10 мыңнан астам учаске іске қосылады

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров шетелдік дипломатиялық корпусқа арналған бірлескен брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Орталық сайлау комиссиясы заңға сәйкес өз жұмысын жүргізеді, ашықтық пен бұқаралық диалог қағидатымен әрекет етеді. Қолданыстағы заңнаманың нормаларын сақтау мен заңды құқықтық тұрғыдан дұрыс пайдалану әрқашан біздің қызметімізге негіз екендігін атап өткім келеді. Республикалық референдум қорытындысы бойынша еліміздің азаматтары жалпы саяси және электоралдық көріністің сапалы өзгертуге алып келетін ел Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қолдады, - деп атап өтті Орталық сайлау комиссиясының төрағасы. 

Сонымен қатар ол ел аумағындағы сайлау учаскелеріне тоқталып өтті. 

Ел аумағы бойынша барлығы 10 101 учаске іске қосылады, сайлаушылар тізіміне 11 950 485 азамат қосылған. 4 қарашадан бастап азаматтарға өздерін тізімнен тексеру мүмкіндігі ұсынылды. Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктерінің жанынан 68 сайлау учаскесі құрылды. Орталық сайлау комиссиясы мүгедектігі бар тұлғалардың дауыс беруі үшін қажетті жағдай жасауға ерекше назар аударып отыр. Бұл мәселені ОСК отырыстарының бірінде талқылап, орындарда инватаксимен, сурдоаудармамен, тактилді жолдар және Брайль трафаретімен қамтамасыз ету бойынша комиссияларға тапсырмалар берілді, - деді Нұрлан Әбдіров. 

Белгілі болғандай, Венгрия, Индонезия, Канада, Палестина, АҚШ, Финляндия, Франция, Швеция, Эстония, сондай-ақ Армения, Беларусь, Германии, Ирак, Иран, Қытай, Қырғызстан, Нидерланды, Ресей Федерациясы мен Тайланд елшіліктерінің қызметкерлері аккредиттелген.

Өзгелердің жаңалығы