Президент сайлауы. Бүгін үміткерлер қатысқан іс-шаралар

17 Қараша 2022, 14:43
1937
Бөлісу:
Президент сайлауы. Бүгін үміткерлер қатысқан іс-шаралар

«Ауыл» партиясынан ұсынған ҚР Президенттігіне кандидат Дайрабаев Жигули Молдақалықұлының сенімді өкілі Н.Г.Арсютин Солтүстік Қазақстан облысыда сайлаушылармен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Ауыл» партиясынан ұсынған ҚР Президенттігіне кандидат Дайрабаев Жигули Молдақалықұлының сенімді өкілі Н.Г.Арсютин үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы, Қызылжар селолық округінің Чапаев ауылы “Қызылжар -Сүт” сүт-тауар фермасының мамандары және ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. 

Президент сайлауы. Бүгін үміткерлер қатысқан іс-шаралар

Сонымен қатар Петропавл қаласының сайлаушылармен С. Мұқанов атындағы облыстық кітапханада  кездесуге қатысты.

Президент сайлауы. Бүгін үміткерлер қатысқан іс-шаралар

Жиын барысында Арсютин Н.Г. кандидаттың сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, қойылған сауалдарға жауап берді. 

Қарақат Әбден: «Әлеуметтік қызметкердің мәртебесін көтеретін кез келді»    

Президенттікке кандидат Қарақат Әбден әлеуметтік және медицина қызметкерлерінің қатысуымен Тараз қаласының «Жанұя» емханасында сайлауалды кездесу өткізді.

Кездесу барысында өзекті қоғамдық сұрақтар мен әлеуметтік қызметкерлердің мәселелері талқыланды. «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» РҚБ ұсынған кандидат ретінде Қарақат Әбден бұл саланың маңыздылығын тілге тиек етіп, әлеуметтік қызметтің негізгі мәселелеріне тоқталды.

Президент сайлауы. Бүгін үміткерлер қатысқан іс-шаралар

«Әлеуметтік көмекке мұқтаж адамдардың саны артып келеді, бірақ елімізде кәсіби әлеуметтік қызметкерлер жетіспейді. Заңнамаға қажетті өзгерістерді енгізе отырып, әлеуметтік қызметкердің мәртебесін көтеретін кез келді деп санаймын. Біздің қоғам олардың жұмысын тиісті деңгейде бағаламайды, бұл маңызды қызметтің мәнін түсінбейді. Мысалы, биыл осы мамандыққа бөлінген 100 білім беру гранты бойынша тек 35 адам ғана оқуға түсуге ниет білдірді. Мамандықтың мәртебесін арттыру мақсатында ел ішінде жан-жақты ақпараттық-насихаттау жұмысын жүргізу керек.  Кәсіби әлеуметтік қызметкерлерді даярлау үшін арнайы институтты немесе жоғары оқу орындарында кафедралар мен факультеттерді құруды ұсынамын. Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан «әлеуметтік қызметкер» мамандығы бойынша арнайы білім беру стандарты әзірленуі тиіс», - деді кандидат.

Президент сайлауы. Бүгін үміткерлер қатысқан іс-шаралар

Еске салсақ, елімізде 20 қараша күні кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Кандидат Қ.Әбден ел аймақтарын аралап, 10 облыста 40-дан астам кездесу өткізді. 

Кандидат Мейрам Қажыкен студенттер және оқытушылармен кездесті

ҚР Президенттігіне Кандидат Мейрам Қажыкен Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде болды. Мұнда ЖОО студенттерімен және оқытушыларымен кездесу өткізді.

Білім алушылар кандидатқа шынайы қызығушылық танытып, сұрақтар қойыа, белсенділік танытты. Олар білім беру, мәдениетті дамыту, саясат пен қатар экономика мен ұлттық қауіпсіздік тақырыптарын да көтерді. 

М. Қажыкен оңтүстік облыстардың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін, сондай-ақ елдің қорғаныс қабілетін арттыру үшін әскери және азаматтық техника өндірісі жолға қойылған қуатты әскери-өнеркәсіптік кешен құру қажет екенін атап өтті.

"Тараз бен Шымкент арасында Түлкібас кенті бар. Онда сіз үлкен технологиялық кластер жасай аласыз. Біз қазір халықаралық жағдайдың қандай екенін көреміз: Ресей мен Украина арасындағы соғыс, оңтүстіктегі көршілер бәрі тыныш емес. Біз өз тыныштығымызды қорғай білуіміз керек. Қаруымызды жасайтын уақыты келді. Мұны Түлкібаста жасауға болады. Ол үшін өндіріс дамуы керек. Тараз бен Шымкентте химиялық, темірбетон және металл өнімдерін өндіретін кәсіпорындар бар. Кластердің арқасында жұмыс орындары табылады. Егер сіз жақсы заманауи кластерді аша алсаңыз, онда қару-жарақ заманауи болады. Меің ойымша – болашақта осындай өндірісті құру керек", - деді кандидат.

М.Қажыкен айтуынша, бұл кластерде,  химия, физика, инженерия пәндерін оқитын студенттер жұмыс істей алар еді. Өйткені бұл бағыттардың барлығы өнеркәсіптік-технологиялық кластердің ашылуы мен жұмыс істеуі үшін қажет.

Президент сайлауы. Бүгін үміткерлер қатысқан іс-шаралар

Үмміткер жиында жас ұрпаққа, олардың күшіне және қалыптасқан әлемді өзгертуге деген сенімін білдірді.

"Жастар барлық уақытта ересектерден ерекшеленді. Сіз бізден өзгешесіз. Сізде ашық көзқарас бар, сізде қорқыныш жоқ. Бұл жолдан таймаңыз. Әлемге ашық болыңыз, жасырынбаңыз. Болашақта сіз де жастарды оқытып, оларға білім мен тәжірибе бересіз", - деп қосты ол.

Үміткер өзінің саяси бағдарламасында жастарға үлкен басымдық жасайды. Оның айтуынша, қазір жастар үшін қоғамның  барлық салаларында қажетті жағдайлар жасау қажет.

"Мен Президент болған кездегі міндетім-сіздерге есік ашу, мүмкіндіктер беру. Жастарды алдау мүмкін емес, Мен оған студенттермен кездескен сайын ккөзім жетеді. Сондықтан мен оларға шындықты айтамын", - деді М.Қажыкен.

Президент сайлауы. Бүгін үміткерлер қатысқан іс-шаралар

Ол сондай-ақ тұрғын үймен қамтамасыз ету, жалақыны, зейнетақыны, әлеуметтік төлемдерді арттыру, медицина сапасын жақсарту мәселелерін де айналып өтпеді.

Студенттер үміткерден президенттіктің бірінші күнінде не істегісі келетінін сұрады. "Әрине, мен кәсіподақ мәселелерін шешемін. Олар мені алға тартты, мен олардың сенімін ақтауым керек. Бұл тұрғыда менің міндетім – барлық тараптардың-еңбекшілердің, жұмыс берушілердің және мемлекеттің мүдделерін сақтай отырып, тең құқықтармен әлеуметтік әріптестік институтын құру", - деді Мейрам Қажыкен.

 Салтанат Тұрсынбекова әйелдер кәсіпкерлігін  дамыту туралы айтты

Бүгін Петропавлда ҚР Президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жергілікті халықпен кездесу өткізді. Онда ол Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту туралы айтты.

Үміткер мемлекеттік органдардың деректері мен зерттеулеріне сілтеме жасай отырып, статистиканы жариялады.

Әйелдер кәсіпкерлігі ШОБ секторындағы жұмыс орындарының 31,4%-ын қамтамасыз етеді. 2020 жылғы мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда әйелдер басқаратын кәсіпорындардың үлесі 28,3 пайызды құрады. Олардың көпшілігі шағын және орта бизнес өкілдері, олар осы сектордағы жұмыс орындарының 31,4%-ын және елдің жалпы ішкі өнімінің шамамен 14,6%-ын қамтамасыз етеді.

Президент сайлауы. Бүгін үміткерлер қатысқан іс-шаралар

Құқық қорғаушы шағын бизнес пен жеке кәсіпкерлерді салықтан толығымен босатуды ұсынатынын айтты.

«Кәсіпкерлердің аяққа тұруына мүмкіндік беруіміз керек. Олар орта деңгейге өткенде, жеңілдетілген салық салу қазірдің өзінде бар. Қызмет саласына байланысты жеңілдікті режим. Ал ірі бизнеске, әсіресе ойын бизнесіне, керісінше, салықты арттыруы керек», - деп атап өтті ол.

Сондай-ақ, жиналғандар кандидаттан сайлауалды бағдарламасы туралы сұрады. Атап айтқанда, әйелдердің зейнет жасын төмендету, сот реформасы және экономикадағы өзгерістер туралы сөз болды.

Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб 20 мыңнан астам іс-шара өткізді

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Алматы тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізді.

Алматы қаласында өткен сайлаушылармен кездесуде Республикалық қоғамдық штабтың басшысы Ерлан Қошанов сайлау науқаны басталғаннан бері еліміздің барлық өңірінде 20 мыңнан астам үгіт-насихат іс-шарасы өткенін атап өтті.

Президент сайлауы. Бүгін үміткерлер қатысқан іс-шаралар

«Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары қалалардың, аудандардың және шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарымен кездесіп, кандидаттың сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын түсіндірді. Жалпы, бір айға жетпейтін уақыт ішінде өткен үгіт-насихат шараларына 2 миллионнан астам қазақстандық қатысты», - деді Ерлан Қошанов.

Алматыда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жатақханаларының бірінде студенттермен өткен кездесу барысында штаб мүшелері кандидаттың жастар саясатын жетілдіру жөніндегі басымдықтарына назар аударды.

Президент сайлауы. Бүгін үміткерлер қатысқан іс-шаралар

Бұдан соң Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары саясаттанушылармен және сарапшылармен сайлауалды бағдарламаның саяси өзгерістерге, мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға және азаматтардың құқықтарын қорғауға арналған бөлімін талқылады.

Осы күні шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесу өтіп, оның барысында РҚШ мүшелері кандидаттың кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі ұсынып отырған бастамалары туралы айтып берді. 

Зиялы қауыммен кездесуде РҚШ мүшелері кандидаттың тарихи мұраны сақтау, мәдениетті қолдау және отандық өнерді дамыту бойынша ұсынған шараларын талқылады.

Нұрлан Әуесбаев Ақмола облысы Шортанды кентінде сайлаушылармен кездесті

2022 жылдың 17 қарашасында ҚР Президенттігіне Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан кандидат Нұрлан Әуесбаев Ақмола облысы Шортанды кентінде сайлаушылармен кездесті. 

Іс-шара барысында жиналған қауымға өзінің сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары жөнінде баяндап берді.

Президент сайлауы. Бүгін үміткерлер қатысқан іс-шаралар

Қажетті инфрақұрылым жоқтығы секілді Қазақстанның бірқатар өңірлеріне тән мәселе Шортандыда да өзекті.

Нұрлан Әуесбаевтың пікірінше, жағдайды түзету үшін жергілікті өзін-өзі басқаруды күшейту керек. ЖСДП-дан кандидат барлық деңгейлі депутаттарды бір мандаттық округтардан ғана сайлау қажет деп есептейді. Сол кезде ғана халық қалаулылары сайлауалды уәделерінде тұрып, жауапкершілікті сезінетін болады.

Президент сайлауы. Бүгін үміткерлер қатысқан іс-шаралар

Билікте де өзгерістер орын алуы қажет. Қазақстан парламенттік-президенттік басқару үлгісіне өтуі тиіс. Бұл дегеніміз, президенттің өкілеттіктері толықтай қайта қарастырылады.

Мемлекетті басқарудағы басты рөл парламентке тиесілі болуы керек. Заң шығарушы органды қайта жасақтау қажет. Депутаттардың 50%-ы партия тізімдері бойынша сайлануы қажет. Халық қалаулыларының тең жартысы бір мандаттық округтардан құралуы тиіс.

Өзгелердің жаңалығы