Президент сайлауы. Алматыда сall-орталық іске қосылды

27 Қазан 2022, 05:21
1175
Бөлісу:
Президент сайлауы. Алматыда сall-орталық іске қосылды

Алматы қаласы бойынша «1315» бірыңғай нөмірі бар Call-орталық іске қосылды, ол арқылы 2022 жылғы 20 қарашада өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беруге арналған сайлау учаскесінің мекенжайы мен нөмірін тексеруге болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Барлық ұялы байланыс операторларының абоненттері үшін қоңырау шалу тегін. Call-орталықтың жұмыс уақыты – демалыс күндерін қоса алғанда, күн сайын сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін.

Алматы қаласы әкімдігінің «Open Almaty» қоғамдық қабылдауының сайтында және білім басқармасының мемлекеттік қызметтер порталында сайлаушылар тізімінде өзін тексеруге мүмкіндік беретін сервис енді қолжетімді.

Осыған ұқсас қызмет Telegram Bot (@almaty_sailau2022_bot) арқылы да іске қосылды.

Өзгелердің жаңалығы