Президент сайлауы – 2019. Сайлаудың әділ және айқын болатынына сенімдіміз

16 Сәуір 2019, 16:13
3621
Бөлісу:
Президент сайлауы – 2019. Сайлаудың әділ және айқын болатынына сенімдіміз
Фото: автордан

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Атырау облыстық «Нұр Отан» партиясының конференциясында аймақ жастары мен БАҚ өкілдері елімізде өтетін кезектен тыс президент сайлауына өз пікірлерін білдірді. 

Солардың бірі Атырау мемлекеттік университетінің жастар саясаты департаменті директоры Бибінұр Қорған.

«Мемлекетіміздің нығая түсуіне зор үлес қосу үшін жастардың бойында бұрынғыдан да гөрі белсенділік бар, еліміздің саяси-қоғамдық өміріне бейжай қарамайды. Біз – ұлттық болмысымызды, тарихымызды сақтап қана қоймай, жаңа заманға бейімделген, жан-жақты дамыған жас азамат болуды – ертеңіміздің көрінісі екенін нақты түсіндік. Әрине, ол үшін зор ізденіс қажет. Оның қиындығына шыдап, әрқилы жолдарын қарастырып, тығырықтардан шығудың әдістерін меңгеру маңызды. Жастарға бүгінде құндылықтар жүйесін қалыптастыратын кезең келді! Еліміздің Конституциясына сәйкес, 2019 жылдың 9 маусымында Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу – жарқын болашақтың тарихи қадамы. Президенттік сайлау өткізу ішкі және сыртқы саясаттың сабақтастығы мен дәйектілігі жағдайында қоғамның одан әрі іс-қимыл жасауына мүмкіндік береді. Биліктің заңды­лы­ғын нығайтуға, тұрақ­ты­лықты қамтамасыз етуге ық­пал етеді. Біз, жастар, Атырау жастары, қоғамның қозғаушы күші және патриоттары ретінде сайлауалды жұмыстар мен партияның стратегиясын іске асыруда аянбай қызмет етуге дайынбыз», - деді Бибінұр Қорған.

Президент сайлауы – 2019. Сайлаудың әділ және айқын болатынына сенімдіміз


Ал облысқа танымал қаламгер Нәсіп Шалабаева бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қоғамдағы кез келген жағдай бейжай қалдырмайтынын, ал ел көшбасшысын сайлау тарихи оқиға екенін айтады.

Президент сайлауы – 2019. Сайлаудың әділ және айқын болатынына сенімдіміз

«Алдағы кезектен тыс президенттік сайлау – елдегі демократияны нығайту жолындағы үлкен қадам. Мен мемлекет басшысының Қазақстан республикасында мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу туралы бастамасын толық қолдаймын және сайлаудың әділ және айқын болатынына сенімдімін. Қоғамда өмір сүретін адам қоғамнан тыс болуы мүмкін емес. Сондықтан бүгінгі қоғамдық-саяси өмірде орын алып жатқан бұл үрдістер мен оқиғалар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін де толғандырады», - деді Нәсіп Шалабаева.

Өзгелердің жаңалығы