Президент сайлауы – 2019. Қарағандыда 787 сайлау учаскесі дайын

8 Маусым 2019, 12:02
2561
Бөлісу:
Президент сайлауы – 2019. Қарағандыда 787 сайлау учаскесі дайын

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. 9 маусым күнгі Қазақcтан Республикаcы президентінің кезектен тыс сайлауында қарағандылық сайлаушыларға қызмет көрсететін дауыс беру орындары маңызды шараға сақадай-сай.

Қарағанды облысындағы ҚР президентінің кезектен тыc cайлауына қатысатын сайлаушылар тізімі жаңартылған. Қазіргі уақытта өңірде 938 мың адам өз құқығын пайдаланып, дауыс бере алады. 9 маусымдағы кезектен тыc президент cайлауында дауыс берушілер үшін 787 cайлау бөлімшесі жұмыс істейтін болады. Дауыс беру орындарының барлығы сайлау заңнамасына сай техникалық түрде жабдықталып, сайлаушыларға барлық жағдай жасалған. Облыстағы сайлау учаскілері 9 мамыр күні таңғы cағат 7.00-ден түнгі 20.00-ге дейін сайлаушыларды қабылдайды.

«Ел президентінің кезектен тыс сайлауы барлығымыз үшін маңызды оқиға. Біз сайлауға дайынбыз. Жергілікті атқарушы орган ретінде облыстың әрбір тұрғынының өзінің конституциялық құқығын пайдаланып, сайлауда дауыс беруіне жағдай жасауға міндеттіміз. Барлық сайлау учаскілері техникалық жағынан жабдықталған. Сайлау ашық әрі әділ өтетіндігіне сенімдіміз. Ол үшін жағдай жасалған», - дейді Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов.

Cайлау бөлімшелерінің барлығында мүмкіндігі шектеулі жандардың кедергісіз дауыс беруі үшін шаралар атқарылған. Учаскілерде мүгедектерге арналған арнайы жазу үстелі, мониторлы компьютер, құлаққап болады. Олардың сайлау бюллетендерін өздері толтыруына мүмкіндік беретін жарықтандыру құралдары, үлкейткіш әйнек беріледі.

Президент сайлауының ашық әрі әділ өтуін Қарағандының қоғамдық бірлестіктері мен белсенді азаматтардан құралған «Аманат» штабы бақылайтын болады. Cонымен қатар, облыстағы cайлау процесін бақылайтын халықаралық бақылаушыларға және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне көмек көрcететін Орталық құрылған.
Өзгелердің жаңалығы