Президент қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады

7 Қаңтар 2021, 08:11
991
Бөлісу:
Президент қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Рождество мерекесімен құттықтады.  Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қымбатты отандастар!

Барша православ христиандарын Рождество мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мейрам ізгілік пен мейірімнің, сүйіспеншілік пен жақын жандарға жанашырлықтың сан ғасырлық дәстүрін дәріптейді. Қоғамдағы рухани-адамгершілік құндылықтар мен конфессияаралық келісімді нығайта түседі.

Православ христиандары басқа да дін өкілдерімен бірге мемлекетімізді дамытуға және халқымыздың береке-бірлігін арттыруға зор үлес қосуда.

Біз бірлесіп Қазақстанды қазіргіден де қуатты елге айналдырамыз.

Бәріңізге зор денсаулық, бақ-береке, толағай табыс тілеймін!

Бүгінгі мейрам шаттық пен қуаныш әкелсін!          

Өзгелердің жаңалығы