Президент қандай газеттерді оқиды?

17 Ақпан 2022, 22:13
2019
Бөлісу:
Президент қандай газеттерді оқиды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасына берген сұхбатында жауап берді.   

«Сіз күнделікті қандай ақпарат көздерін пайдаланасыз? Теледидар, мерзімді басылым, әлеуметтік желілер...» деп сұрады тілші сұхбат барысында. 

Мерзімді баспасөзді үзбей қараймын. Бұл – менің бұрыннан қалыптасқан дағдым. «Егемен Қазақстан», «Айқын», «Астана ақшамы» газеттерін оқимын. «Ана тілі», «Қазақ әдебиеті», «Жас қазақ», «Түркістан» газеттерін де міндетті түрде оқып тұрамын. Жалпы, мен көп оқитын адаммын. Жақсы мақала немесе сұхбат көрсем, астын сызып оқуға тырысамын. Өзекті мәселе байқасам, оған қатысты нақты тапсырма беремін. Әлеуметтік желідегі өткір жазбаларды да үнемі шолып отырамын. Ал, теледидардан жаңалықтар мен сараптамалық бағдарламаларды көремін, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Өзгелердің жаңалығы