Президент отандық жылыжай технологияларының дамуымен танысты

14 Ақпан 2023, 17:54
862
Бөлісу:
Президент отандық жылыжай технологияларының дамуымен танысты
PHOTO
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Степногорск қаласындағы «Қазақстанның жылыжай технологиялары» ЖШС-не барды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Президент отандық жылыжай технологияларының дамуымен танысты

Президентке жылыжай өнімдері – қияр, қызанақ, бұрыш және басқа да көкөністер мен гүл өсірудің заманауи технологиялары таныстырылды.

Президент отандық жылыжай технологияларының дамуымен танысты

Жылыжай кешенінің жалпы ауданы – 5 гектар. Жобаға салынған инвестицияның жалпы көлемі 4,8 миллиард теңгені құрайды. 2023 жылы баклажан және құлпынай өсіру бөлімшелерін іске қосу жоспарланып отыр. Компанияның өнімдері толығымен Қазақстанның ішкі нарығында сатылады.

Президент отандық жылыжай технологияларының дамуымен танысты

Өңір – ауыл шаруашылығы саласындағы көшбасшылардың бірі. Мұнда ел бойынша дәнді дақылдардың төрттен бірі өсіріледі және үлкен көлемде көкөністер мен құс еті өндіріледі.

Президент отандық жылыжай технологияларының дамуымен танысты

Президент өндірілетін өнімнің сапасын бағалап, оның сұранысқа ие екенін атап өтті. Сондай-ақ компанияның экспорттық мүмкіндіктеріне назар аударды. 

Президент отандық жылыжай технологияларының дамуымен танысты

Мемлекет басшысы Ақмола облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен әңгімелесті. Кездесу барысында түйткілді мәселелер көтеріліп, отандық агроөнеркәсіп кешенін дамытуға қатысты конструктивті ұсыныстар айтылды.

Президент отандық жылыжай технологияларының дамуымен танысты

Президент жағдайды жіті қадағалайтынын, бизнес ахуалы туралы жедел ақпарат алатынын атап өтті. Сондай-ақ мемлекет отандық кәсіпкерлерді қолдауды жалғастыратынын және ынтымақтастықтың жаңа формалары әзірленетінін мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы