Президент: Отандық теміржол саласы "цифрлық жарысқа" уақыт оздырмай қосылуға тиіс

28 Ақпан 2024, 14:33
578
Бөлісу:
Президент: Отандық теміржол саласы "цифрлық жарысқа" уақыт оздырмай қосылуға тиіс
VIDEO
Фото: Ақорда

Президент Қазақстанды Еуразияның негізгі транзит хабына айналдыру мақсатында қабылданып жатқан кешенді шараларды оң бағалады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл ретте Мемлекет басшысы шын мәнінде бәсекеге қабілетті болу үшін заман талабына сай инновациялық шешімдер қабылдаған жөн деп санайды.

Жуырда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында экономиканың барлық саласын цифрландыру мәселесіне айрықша мән бердім. Қазақстанда озық IT-шешімдерді енгізу үшін берік негіз қалыптасқан. Отандық теміржол саласы «цифрлық жарысқа» уақыт оздырмай қосылуға тиіс. Бұған белгілі бір деңгейде әзірлік бар екенін көріп отырмыз. Цифрландыруды жеделдету есебінен таяу арада тасымал тиімділігін арттыру және шығындарды қысқарту міндеті тұр. Бұл тек көлік-логистика саласының ғана емес, жалпы экономиканың дамуына тың серпін береді. IT-шешімдер ретсіз енгізілмей, бір-бірін толықтырып, біртұтас экожүйе қалыптастыруы керек. Бұл – маңызды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы аталған міндетті жүзеге асыруға отандық компанияларды тарту қажет екенін айтты.

Мен осы жұмысқа отандық ІТ-компанияларды тарту туралы ұсынысты толық қолдаймын. Елімізде сондай компаниялар және мамандар аз емес. Әлемдік ІТ-компаниялармен тиімді байланыс орнату керек. Экономиканың барлық саласында осындай стратегияны жүзеге асырған жөн, – деді Президент.

Президент: Отандық теміржол саласы "цифрлық жарысқа" уақыт оздырмай қосылуға тиіс

Қасым-Жомарт Тоқаев бірлескен жобаларға атсалысып жатқан шетелдік компанияларға алғыс білдірді.

Президент: Отандық теміржол саласы "цифрлық жарысқа" уақыт оздырмай қосылуға тиіс

Инновациялық орталықта Huawei Technologies Kazakhstan компаниясының бас директоры Чжао Сюй, Lianyungang Port Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Ян Лонг, Global DTS компаниясының бас директоры Уи Тан Йонг, Wabtec корпорациясының ТМД, Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша аға вице-президенті Байхан Гохан, «Alan TECH» ЖШС-нің директоры Бауыржан Айтілеу сөз сөйледі.

Өзгелердің жаңалығы