Президент өрттен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды

3 Қыркүйек 2022, 22:46
1791
Бөлісу:
Президент өрттен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Әлихан Смайылов, Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин және Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің өрт аймағындағы жедел жағдай туралы есебін тыңдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Барлық мемлекеттік органдардың жұмысын Президент Әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу мен Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов үйлестіреді. Олар Мемлекет басшысына өртті ауыздықтау және елді мекендерден азаматтарды эвакуациялау бойынша қабылданған шаралар туралы жедел баяндап отыр. 

Президент азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен өртті сөндіру шараларына басымдық беруді тапсырды. Сондай-ақ Үкіметке төтенше жағдайдың салдарын жою үшін қажетті қаражат бөлу туралы тапсырма берілді.

Өзгелердің жаңалығы