Президент: Өңірде жеміс-жидек өсіруге мүмкіндік бар, бірақ соны іске жаратпай отырмыз

19 Қазан 2022, 11:24
2053
Бөлісу:
Президент: Өңірде жеміс-жидек өсіруге мүмкіндік бар, бірақ соны іске жаратпай отырмыз

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысы жұртшылығымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аймақта тағы бір өзекті мәселе бар. Бұл – тұрғындардың малын жаятын жердің тапшылығы. Биыл облыста бос жатқан 300 мың гектар жер анықталған. Оның басым бөлігі – жайылым, - деді Тоқаев.

Ол Өңірде жеміс-жидек өсіруге зор мүмкіндік бола тұра іске аспай жатқанын айтты.

Жер иелері 100 мың гектар жерді өз еркімен мемлекет меншігіне қайтарды. Оның 50 мың гектары қазірдің өзінде халықтың игілігіне берілді. Өңірде жеміс-жидек өсіруге зор мүмкіндік бар. Бірақ, бұл мүмкіндікті толық іске жаратпай отырмыз, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы