Президент Наталья Годунованы қабылдады

16 Тамыз 2022, 18:19
1547
Бөлісу:
Президент  Наталья Годунованы қабылдады

Президент Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

 Қасым-Жомарт Тоқаевқа аудиттің жоғары органының биылғы бірінші жартыжылдықтағы қызметінің негізгі қорытындылары, сондай-ақ Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалуы барысы жөнінде баяндалды.

 Президентке ұсынылған ақпаратқа сәйкес есептік кезеңде 1,3 триллион теңге көлеміндегі бюджет қаражатын қамтитын 77 нысанда 14 аудиторлық іс-шара өткізілді. 

Наталья Годунова Қасым-Жомарт Тоқаевқа Есеп комитетін Жоғары аудиторлық палата ретінде қайта құру бойынша әзірленген тәсілдер жөнінде ақпарат берді. 

Мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрағасына бірқатар тапсырма берді.

Өзгелердің жаңалығы