Президент Мұрат Әйтеновті қабылдады

23 Ақпан 2023, 15:03
932
Бөлісу:
Президент Мұрат Әйтеновті қабылдады
Фото: Ақорда

Президент Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновті қабылдады,  деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың  ресми сайтына сілтеме жасап.

Мұрат Әйтенов үшінші мегаполистің былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жөнінде есеп беріп, алдағы кезеңге арналған жоспарын таныстырды: 

Өткен жылы қала экономикасына тартылған инвестиция көлемі 13,8 пайызға артып, 549,4 миллиард теңгеге жеткен. 

Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 110 мыңнан асқан. Жалпы өңірлік өнім көлемінің 40,7 пайызы осы саладағы кәсіпкерлерге тиесілі. 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл қаланың даму перспективасын ескере отырып, жаңа бас жоспар бекітілмек. 

Жыл соңына дейін қала төңірегіндегі аудандардың тұрғындары ауызсумен және электр қуатымен толық қамтамасыз етіледі. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Шымкентте 25 мектеп салу жоспарланған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мұрат Әйтеновке әлеуметтік мәселелерді шешу, қала тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру, сондай-ақ Шымкент қаласын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар міндет жүктеді.Биыл Ақтөбе облысында 718 мың гектарға егін егілмек.

Өзгелердің жаңалығы