Президент: Менің ұраным – заң және тәртіп

8 Маусым 2023, 12:57
1026
Бөлісу:
Президент: Менің ұраным – заң және тәртіп
Фото: Ақорда

Астана халықаралық форумында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа әділетті Қазақстанды» құрудағы ұранын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біз Қазақстанда реформалар жүргізуді қолдаймыз. Олар заң үстемдігі, әділеттік, тең құқықты қамтиды. Менің ұраным – бұл заң және тәртіп. Бұл - «Әділетті Қазақстан» құрудағы мықты іргетес, - деп айтты Тоқаев.

Сөзінше, қысқа уақытта еліміз өз институттарын реформалап, президенттің өкілеттерін шектеді.

Сонымен қатар Конституцияға түзетулер енгіздік. Саяси және экономикалық жүйелерді қайта іске қостық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шара қабылдадық. Қазіргі Қазақстан, мысалы, екі жыл бұрынғы Қазақстаннан айтарлықтай ерекшеленеді, - дейді ол.

Тоқаев атап өткендей, елімізде жүйлерді реформалау жұмыстары әлі аяқталған жоқ.

Саяси реформалар мен адами капиталға инвестиция бізді орташа табыс тұзағынан құтқарып, экономикамызды икемді ете алатынын түсінеміз. Қазірдің өзінде атқарар шаруалар аз емес. Бірақ біздің жолымыз сәтті болуы үшін еліміз көптеген кедергілерді еңсеруге дайын, - деп айтты Президент форумда.

Өзгелердің жаңалығы