Президент мемлекеттік құрылыста қандай формула ұстанатынымызды айтты

26 Қараша 2022, 11:25
827
Бөлісу:
Президент мемлекеттік құрылыста қандай формула ұстанатынымызды айтты

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде алғашқы Жарлықтарын жариялап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

Мемлекеттік құрылыста біз «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласын нақты ұстанамыз. Президент сайлауы биліктің барлық негізгі институтын дәйекті түрде жаңғырту үдерісін бастауға жол ашты. Сайлау ауқымды электоралды циклдің бастапқы кезеңі болды. Біз саяси жаңғыру үдерісін жоспарлы түрде жалғастырамыз. Бүгін мен «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа қол қоямын. Осылайша, жоғарғы палата депутаттарының кезекті сайлауы конституциялық реформаны нақты жүзеге асырудың жалғасы болмақ, - деді Президент.

Тоқаевтың айтуынша, сайлау қорытындысы бойынша Сенаттың депутаттық корпусының бір бөлігі бәсекелестік және ашықтық қағидаттары негізінде жаңарады.

Бұдан бөлек, бүгін мен конституциялық реформаны жүзеге асырудың келесі сатысы ретінде «Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының кейбір мәселелері туралы» Жарлыққа қол қоямын. Келесі кезең – оны толыққанды трансформациялау, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы