Президент Мемлекеттік күзет қызметінің басшысы мен орынбасарын тағайындады

25 Тамыз 2021, 13:40
2894
Бөлісу:
Президент Мемлекеттік күзет қызметінің басшысы мен орынбасарын тағайындады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының Жарлығымен Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымына Ермек Сағымбаев және орынбасары лауазымына Батырбек Байбосынов тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалсын, - делінген Жарлықта.

Мемлекет басшысының өкімімен Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымынан босатылды.

Мемлекет басшысының өкімімен Батырбек Бердібайұлы Байбосынов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды.


Өзгелердің жаңалығы