Президент Ұлттық ғылыми медицина орталығының төрағасын қабылдады

26 Тамыз 2020, 15:30
1073
Бөлісу:
Президент Ұлттық ғылыми медицина орталығының төрағасын қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Ұлттық ғылыми медицина орталығы» АҚ басқарма төрағасы Абай Байгенжин Қасым-Жомарт Тоқаевқа орталық атқарған жұмыстардың қорытындылары туралы баяндады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Басқарма төрағасының айтуынша, орталық құрылғаннан бері 174 мың адам емделіп шыққан. 81 мың азаматтың жүрегіне ота жасалған. 61,5 мың науқасқа жалпы ота жасалып, емделген. Оның 70% жаңа технологиялармен ота жасалған. Абай Байгенжин отаны жаңа технологиялармен жасау арқылы адам ағзаларын сақтап қалуға мүмкіндік бар екенін айтты. 

Сонымен қатар осындай ота жасаудың арқасында көптеген ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүргізілгенін жеткізді. Бұдан бөлек Ұлттық ғылыми медицина орталығы онкологиялық ауруларға шалдыққан науқастарды емдеп, 477 адамның құлан-таза айығып кетуіне септігін тигізген. Басқарма төрағасы пандемия кезінде коронавирус жұқтырған азаматтарды емдегендерін де атап өтті.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы орталықтың халық денсаулығын сақтауда үлкен жұмыс атқарып жатқанын айтып, алдағы қызметтеріне тілектестік білдірді.

Өзгелердің жаңалығы