Елордада Тұңғыш президент күні туған сәбилердің аналарын құттықтады

1 Желтоқсан 2019, 15:45
4367
Бөлісу:
Елордада Тұңғыш президент күні туған сәбилердің аналарын құттықтады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда перзентханаларында 30 қарашадан 1 желтоқсанға қараған түні 22 нәресте дүние есігін ашты. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Айтулы мереке күні дүние есігін ашқан сәбилердің аналарын қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен құттықтады.

WhatsApp Image 2019-12-01 at 15.07.58.jpeg

Осындай ерекше күні дүниеге келген нәрестелердің бауы берік болсын! Ел азаматтары болып өссін. Тұңғыш президент күні өздеріңізді арнайы құттықтай келдік. Жыл санап дүние есігін ашқан сәбилердің саны арты берсін, - деді Б. Мәкен. 

WhatsApp Image 2019-12-01 at 15.08.07.jpeg

Нәрестелі болған аналарға сәбидің туу туралы куәлігі мен сыйлықтар табыс етілді.

Түнгі сағат 00:00-ден осы уақытқа дейін біздің орталықта 10 сәби дүниеге келді. Оның 5-і ер бала, 5 қыз бала. Барлық туу процесі сәтті өтті, сәбилерде, аналары да өздерін жақсы сезінуде, - деді қалалық №2 көпбейінді аурухананың директоры директоры Иван Ли.

Өзгелердің жаңалығы