Президент: Әкімдердің жылына бір өтетін есеп беру кездесулері – көзбояушылық

23 Наурыз 2019, 14:36
2709
Бөлісу:
Президент: Әкімдердің жылына бір өтетін есеп беру кездесулері – көзбояушылық

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Менің басты ұстанымым анық, айқын. Бұл - заңның үстемдігі. Заңнан жоғары ешнәрсе болмауы керек. 

Түркістан жұртшылығымен кездесуде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі твиттердегі парақшасында жазды.

"Қоғамдағы әділеттілік, ең алдымен, атқарушы билікке байланысты. Үкіметтің, министрлердің, барлық деңгейдегі әкімдердің, полицияның, прокуратураның, соттардың басты мақсаты - азаматтардың құқығын қорғау. Мұндағы менің басты ұстанымым анық, айқын. Бұл - заңның үстемдігі. Заңнан жоғары ешнәрсе болмауы керек. Орталық және жергілікті органдардың басшыларына қатысты орынды шағым түскен жағдайда олардың бәрі жазаланатын болады. Сондықтан басшылар халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуі қажет. Жылына бір рет ұйымдастырылатын есеп беру кездесулері – көзбояушылық. Халықпен күн сайын бірге болып, қоян-қолтық жұмыс істеуі керек. Жемқорлықпен күрес күшейе түседі", - деп келтіреді Президенттің сөзін Ақорданың твиттердегі парақшасында.

Өзгелердің жаңалығы