Президент футболдан ел құрамасын жеңісімен құттықтады

10 Қыркүйек 2023, 22:15
695
Бөлісу:
Президент футболдан ел құрамасын жеңісімен құттықтады
Фото: https://t.me/s/aqorda_resmi

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев футболдан Қазақстан ұлттық құрамасын Еуро-2024 чемпионатының іріктеу кезеңінде Солтүстік Ирландия командасымен өткен матчтағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысында Қазақстан құрамасы Солтүстік Ирландиямен кездесіп, қарсыласын 1:0 есебімен жеңді.

Ел құрамасы алғашқы минуттан ойынды белсенді бастады. Алаңның қос қанатынан жиі шабуыл ұйымдастырды. Ойынның 27-минутында қазақстандық шабуылшы Максим Самородов гол соқты.

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыберген көрсеткен қолдауы үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, команда атынан доп сыйлады.

Өзгелердің жаңалығы