Екібастұз қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Самат Рамазанов Президенттен жылу жүйесіндегі жөндеу жұмыстарын жеке бақылауына алуды және қалалық «Шахтер» саябағын жөндеуді сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Президент қаланы абаттандыру мәселесі шешілетінін айтты.
Орынды сауал. Жалпы, Екібастұз – өте керемет қала. Мен өзім бұл қаланы жақсы көремін. Бұл қаланы абаттандыруды қамтамасыз ету керек. Міндетті түрде. Сондықтан мұндай тапсырманы әкімшілікке беріп жатырмын. Бұл жұмыс орындалады. Бұл мәселе бойынша ешқандай күмән жоқ. Тек қана саябақ емес, басқа мәселелер де бар. Бұл түйткілдердің бәрін міндетті түрде шешу керек. Әкім жаңадан тағайындалды. Сондықтан жұмыс өте көп, – Мемлекет басшысы деді Қасым-Жомарт Тоқаев.