Президент Digital Nomads IT қоғамдастығы өкілдерімен кездесті

19 Қыркүйек 2022, 23:29
1202
Бөлісу:
Президент Digital Nomads IT қоғамдастығы өкілдерімен кездесті
PHOTO

Мемлекет басшысы Нью-Йорк қаласында шетелде тұратын әрі әлемнің жетекші технологиялық компанияларында жұмыс істеп жатқан 400 қазақстандықты біріктіретін Digital Nomads IT қоғамдастығының өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Бейресми жағдайда өткен кездесуде Қазақстанда ІТ саласын дамыту перспективалары мен қазіргі әлемдік үрдістер талқыланды.

Президент Digital Nomads IT қоғамдастығы өкілдерімен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев кездесуде Әділетті Қазақстан дарынды жастарға  жаңа мүмкіндіктер ашатынын айтты.

Президент Digital Nomads IT қоғамдастығы өкілдерімен кездесті

Сонымен қатар кездесуде Taskrabbit.com компаниясының стратегия және даму жөніндегі жетекшісі Әсет Әбдуәлиев, DCVC компаниясының венчурлық инвесторы әрі директоры Анна Фокина, Google компаниясының инженер-программисі Арай Сабыржан және Booking.com компаниясының менеджер-программисі Әлібек Датбаев сөз сөйледі. Олар Президентке шетелдік компаниялардағы жұмыстарынан алған әсерін айтып, отандық ІТ саласын одан әрі дамыту және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде бірқатар ұсыныс білдірді.

Президент Digital Nomads IT қоғамдастығы өкілдерімен кездесті

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Digital Nomads өкілдеріне табыс тілеп, олар еліміздің дамуы мен өркендеуіне елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.

Президент Digital Nomads IT қоғамдастығы өкілдерімен кездесті
Өзгелердің жаңалығы