Президент бірнеше заңға қол қойды

28 Желтоқсан 2022, 16:40
1032
Бөлісу:
Президент бірнеше заңға қол қойды

Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстанның Үкіметі арасындағы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы», «Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарға  қол қойды.

Өзгелердің жаңалығы