Президент бірқатар заңға қол қойды

1 Сәуір 2021, 19:05
1070
Бөлісу:
Президент бірқатар заңға қол қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің темекі өнімдеріне акциздер саласындағы салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің темекі өнімдеріне акциздер саласындағы салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы келісімді ратификациялау туралы» заңына және «Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Өзгелердің жаңалығы